Туған жердің таза болуы әрбір тұрғынның өзіне байланысты деп ойлаймын.
Көшеге қоқыс тастамай, айналамызды таза ұстаудың өзі – үлкен жауапкершілік. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылатын тазалық жұмыстары қаламыздың көркеюіне ықпал етеді. Осындай бастамаларға тұрғындар белсенді қатысып, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдырса екен. Өйткені тазалық тек коммуналдық қызметтің емес, баршамыздың ортақ міндетіміз.
М. Бекболатұлы




