Тазалық – туған жерге деген құрмет

Адамның туған жеріне деген сүйіспеншілігі оның жасаған ісінен көрінеді.

Өз ауласын таза ұстау, көшеге қоқыс тастамау, табиғатты ластамау – үлкен тәрбие мен азаматтық жауапкершіліктің қарапайым көрінісі. Қазақстанның әрбір өңірі көркейіп, елді мекендеріміз ажарлана түсуі үшін тазалыққа баршамыз атсалысуымыз қажет. Әсіресе, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру – маңызды міндет. Табиғатты қорғау тек мамандардың немесе арнайы қызметтердің жұмысы емес, ол – баршаға ортақ іс.

       Туған жердің топырағын таза ұстап, табиғатын аяласақ, елге деген құрметімізді де ісімізбен көрсетеміз. Сондықтан тазалықты арнайы науқан кезінде ғана емес, күнделікті әдетке айналдыруымыз керек.

 

 

Роза Забыханова, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT