«Таза Қазақстан» акциясының басты маңызы – экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Егер әр адам қоқысты арнайы орындарға тастап, қоғамдық орындарды таза ұстаса, қалаларымыз бен ауылдарымыз көркейе түседі. Тазалыққа бейжай қарамау – өскелең ұрпаққа үлгі көрсету деген сөз. Бұл акция адамдарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға үндейді. Таза ел – жарқын болашақтың кепілі.
Ғалия Берденқызы



