“Таза Қазақстан”– бір реттік акция емес, бұл – барлығымызға ортақ, жүйелі жұмыс. Осы бастаманы біржақты емес, жан-жақты қарауымыз керек деп ойлаймын. Яғни: бір жағынан, тазалық жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастыру, екінші жағынан, халық арасында қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастыру.
Президентіміздің бастамасын қолдау – тек сенбілікке шығумен шектелмеуі керек. Ол – адамдардың санасын өзгерту, жауапкершілікті арттыру, құқық бұзушвларға нақты шара қолдану арқылы толық жүзеге асады.
Сондықтан, тазалау да керек, бірақ ең бастысы – ластамауға үйрету деп есептеймін.
Бекет Кулбаев


