Туған жердің таза әрі көрікті болуы әр тұрғынның өзіне байланысты.
Көшелерді қоқыстан тазарту, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және табиғатқа жанашырлықпен қарау – баршамызға ортақ міндет. «Таза Қазақстан» бастамасы тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға және тазалықты күнделікті әдетке айналдыруға үндейді.
Менің ойымша, тазалық бір реттік сенбілікпен шектелмеуі керек. Әр адам өз ауласын таза ұстап, қоқысты белгіленген орынға тастаса, қаламыздың көркеюіне үлес қосады. Туған жерге деген сүйіспеншілік те осындай қарапайым істерден басталады.
Г.Оразова




