Тазалық – табиғатқа тағзым

Елімізде соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғау мәселесіне айрықша көңіл бөлініп келеді. Соның жарқын көрінісі – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы.

Бұл бастама тек сенбілік немесе бір реттік тазалық шарасы ғана емес, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
      «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – табиғатты қорғау ісіне барша азаматты жұмылдыру, туған жерге деген жанашырлықты арттыру. Қала мен ауылды, өзен-көл мен орман-тоғайды таза ұстау – әр адамның азаматтық борышы екені осы жоба арқылы кеңінен насихатталуда. Әсіресе жастардың белсенді қатысуы – акцияның болашағына деген сенімді күшейтеді. Бүгінде экологиялық мәселелер жаһандық деңгейде өткір тұр. Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, тұрмыстық қалдықтардың көбеюі – мұның бәрі адамзатқа ортақ сын. Осындай кезеңде «Таза Қазақстан» секілді бастамалардың маңызы арта түсетіні сөзсіз. Өйткені тазалық – тек сыртқы көрініс емес, ол – қоғамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші. Аталған акция аясында өткізілетін сенбіліктер, ағаш отырғызу, өзен-көл жағалауларын тазарту жұмыстары нақты нәтижесін беріп келеді. Дегенмен, бұл істі тек белгілі бір уақытпен шектеу жеткіліксіз. Тазалық күн сайын сақталуы тиіс дағдыға айналуы қажет. Яғни, әр азамат «менен басталады» деген қағиданы ұстанғанда ғана шынайы өзгеріс болады.


                    Ардақ Мамаева, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT