«Таза Қазақстан» акциясы көбіне көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды тазартумен байланыстырылады. Бірақ меніңше, бұл бастаманың мәні әлдеқайда тереңде жатыр.
Таза орта қалыптастыру үшін ең алдымен таза ойлау керек. Яғни әр адам «бір бөтелке тастасам ештеңе етпейді» деген көзқарастан арылуы қажет. Қоғамдағы көптеген экологиялық мәселелер дәл осындай ұсақ немқұрайлылықтан басталады.
Табиғатты қорғау – тек экологтардың немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес. Бұл әр азаматтың ұстанымы болуы керек. Егер адамдардың ойлау жүйесі өзгерсе, таза көшелер мен саябақтар өздігінен қалыптасады. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясын тек тазалық шарасы ретінде емес, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған маңызды бастама ретінде қарастыру қажет.
Жанар Исақызы, Жылыой ауданы тұрғыны



