Елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы әр азаматты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейтін маңызды жоба деп ойлаймын. Өйткені таза көше, көрікті аула, күтімі жақсы саябақ – халықтың мәдениеті мен туған жерге деген жанашырлығының көрінісі.
Табиғатты қорғау үлкен істерден емес, күнделікті қарапайым әдеттерден басталады. Қоқысты кез келген жерге тастамау, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, ағаш отырғызу, жасыл желекті күтіп-баптау – әрқайсымыз атқара алатын игі іс. Осындай жауапкершілік қоғамда қалыптасқан сайын қалаларымыз бен ауылдарымыздың келбеті де көркейе түседі.
«Таза Қазақстан» – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақтың да игілігі үшін қолға алынған бастама. Сондықтан әрбір азамат бұл іске белсенді атсалысып, тазалықты өмірлік қағидаға айналдырса, еліміздің табиғаты да, тұрғындардың өмір сүру сапасы да жақсара түсетініне сенемін.
Есен Темірбаев
Қалалық әкімдіктің бас маманы



