Тазалық – әр азаматтың жауапкершілігі

«Таза Қазақстан» – бұл тек бір реттік акция емес, ол қоғамның мәдениеті мен санасының көрсеткіші деп ойлаймын. Әр адам өз ауласын, көшесін таза ұстаса, бүкіл елдің келбеті де өзгереді. Тазалық – сыртқы тәртіп қана емес, ішкі жауапкершіліктің айнасы.

Кейде адамдар қоқысты кез келген жерге тастап кетуді қалыпты жағдай деп қабылдайды. Бірақ бұл – болашақ ұрпаққа деген немқұрайлық. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы.

Осындай акциялар халықты біріктіріп, ортақ іске жұмылдырады. Әсіресе жастардың белсенді қатысуы қуантады. Себебі олар – ертеңгі елдің тірегі. Егер бүгіннен бастап тазалыққа мән берсек, ертең экологиялық мәселелер де азаяды.

Менің ойымша, «Таза Қазақстан» бастамасы тұрақты түрде жалғасып, әр адамның күнделікті әдетіне айналуы тиіс. Сонда ғана біз шын мәнінде таза, көркейген елде өмір сүре аламыз.

 Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

      Қосымбаева Торғын

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT