Тазалық әр азаматтың жауапкершілігі

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастама.

Тазалық тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмір салтына айналуы керек. Әр адам өз үйінің, ауласының және қоғамдық орындардың тазалығына жауапкершілікпен қараса, еліміздің әрбір қаласы мен ауылы көркейе түсер еді. Осындай акциялар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялауға үндейді. Таза көше, таза аула – тұрғындардың денсаулығы мен жайлы өмір сүруінің кепілі. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысу болашақ ұрпаққа таза әрі көркем ел қалдыруға қосылған үлкен үлес деп санаймын.

Дәулет Бердіғожиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT