Менің ойымша, “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы – еліміз үшін аса маңызды бастамалардың бірі. Қоршаған ортаның тазалығы – тек табиғаттың ғана емес, әр адамның денсаулығы мен өмір сапасының кепілі. Сондықтан мұндай акциялар қоғамның назарын экологиялық мәселелерге аударып, адамдарды нақты әрекетке шақырады. Бұл акцияның ерекшелігі – оның тек бір реттік шара емес, ұзақ мерзімді мәдениет қалыптастыруға бағытталуында. Көшелерді, саябақтарды, өзен-көл жағалауларын тазарту арқылы біз тек қоқысты жинап қана қоймаймыз, сонымен бірге табиғатқа деген құрметімізді көрсетеміз. Меніңше, ең маңыздысы – адамдардың санасында өзгеріс болуы. Егер әр адам өз ауласын, өз қаласын таза ұстауға жауапкершілікпен қараса, еліміз әлдеқайда көркейе түсер еді.
Шоқан Ізбасаров, Жылыой ауданы тұрғыны


