Ауданымызда өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы тұрғындардың белсенді қолдауына ие болуда. Акция барысында қоғамдық орындар мен әлеуметтік нысандардың аумақтары тазартылып, көркейту жұмыстары жүргізілді.
Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ құндылық. Осындай шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндейді. Ауданның ажары әр тұрғынның жауапкершілігі мен жанашырлығына байланысты.
Айгүл Нұртазина



