«Тазалық – әр адамның ортақ міндеті»

«Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны қорғауға, туған жеріміздің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды жұмыс.

Менің ойымша, тазалық сақтау тек арнайы мекемелердің немесе тазалық қызметкерлерінің міндеті емес, әрбір азаматтың күнделікті жауапкершілігі болуы керек. Себебі біз өмір сүріп жатқан қаламыздың, ауылымыздың таза әрі көрікті болуы өзімізге байланысты.

Көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау, ағаш отырғызу, айналаны көгалдандыру сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен нәтижеге жеткізеді. Әсіресе, жас ұрпаққа тазалықтың маңызын түсіндіріп, табиғатты аялауды кішкентай кезінен үйретуіміз қажет. Осындай игі бастамалар арқылы балаларымызға қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды көрсете аламыз.

 Әр адам өз ауласынан, өз көшесінен тазалықты бастаса, еліміздің де ажары арта түседі. Таза орта – денсаулық кепілі, ал таза қала – мәдениетті қоғамның белгісі.  

Әйгерім Дарменова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT