Тазалық – әр адамның таңдауы

Мен үшін «Таза Қазақстан» акциясының ең басты маңызы – адамдардың ой-санасын өзгертуінде. Тазалықты тек коммуналдық қызметтердің міндеті деп қарамай, әр азамат өз әрекетіне жауапты болуы қажет деп есептеймін. Егер әркім қоқысын жерге тастамай, айналасын таза ұстаса, көшелер де, табиғат та әлдеқайда көрікті болар еді. 

Бұл акция қоғамды біріктіретін игі бастама деп ойлаймын. Өйткені ортақ іске бірге атсалысу адамдардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырады. Әсіресе жастардың осындай шараларға белсенді қатысуы олардың табиғатқа жанашыр болып өсуіне ықпал етеді. 

Менің ойымша, «Таза Қазақстан» акциясы бір күндік науқан емес, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуы керек. Сонда ғана елімізді таза, көркем әрі жайлы мекен ете аламыз. 

 

                            Нұрбол Аманкелдіұлы                         Әкелер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT