Таза ортада өмір сүру әр адамға жағымды әсер береді. Көшенің, ауланың, қоғамдық орындардың таза болуы – ел мәдениетінің көрсеткіші. Сондықтан әр азамат қоршаған ортаны ластамай, тазалықты сақтауға үлес қосуы керек.
Қазіргі кезде экологиялық мәселелер көбейіп жатқандықтан, мұндай шаралардың маңызы өте зор. Сондықтан да халықты тазалыққа шақырып қана қоймай, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру мақсатында қолға алған «Таза Қазақстан» акциясының маңызы зор.
Бұл акция қоғамды бірлікке, еңбекқорлыққа және табиғатты аялауға тәрбиелейді деп ойлаймын. Егер әр адам өз ортасына жанашырлықпен қараса, еліміз одан әрі көркейіп, таза әрі жайлы мемлекетке айналады.
Ақбөбек Сәттіғұлқызы
Аудандық орталық ауруханасы фтизиатрия бөлімше меңгерушісі


