«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны таза ұстауға, туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейтін маңызды бастама. Менің ойымша, бұл акция тек сенбілік өткізіп, қоқыс жинаумен шектелмейді. Ол адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, жауапкершілігін арттырады.
Таза көше, таза аула, таза қала – әр тұрғынның мәдениеті мен тәрбиесінің айнасы. Сондықтан мұндай акцияларға бір күндік шара ретінде емес, күнделікті өмір салты ретінде қарау керек деп ойлаймын.
Әр адам өз ауласын, өз көшесін таза ұстаса, еліміздің экологиялық жағдайы да жақсара түседі. «Таза Қазақстан» – барша қазақстандықтарды ортақ іске жұмылдыратын игі бастама.
Бекет Елемесұлы
Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы


