Тазалық ортақ жауапкершіліктен бастау алады

«Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, әр адамның туған жеріне деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды жұмыс деп ойлаймын.

Тазалық бір күндік акциямен шектелмей, күнделікті өмір салтымызға айналуы қажет. Өзіміз қоқыс тастамай, ауланы, көшені таза ұстап, айналамыздағы адамдарға да үлгі болсақ, нәтижесі әлдеқайда жақсы болады.

 

Әсіресе балаларға тазалықтың маңызын ерте жастан түсіндіру маңызды. Таза көше, жинақы аула, абаттандырылған орта – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Сондықтан мұндай жұмыстарға әр азамат өз үлесін қосып, туған жерінің тазалығына бейжай қарамауы керек деп есептеймін.

 

Айгүл Бигалиева

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT