«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны таза ұстауға үндейтін маңызды бастама.
Тазалық жұмыстары тек сенбілікпен шектелмей, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы керек деп ойлаймын. Өзіміз тұратын көшені, ауламызды, қоғамдық орындарды таза ұстасақ, болашақ ұрпаққа үлгі боламыз. Осындай игі шаралар халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген жанашырлықты арттырады. Таза қала – тұрғындардың денсаулығы мен жайлы өмірінің кепілі.
Дәурен Жанболатов



