Тазалық – ортақ жауапкершілігіміз

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, әр азаматтың туған жеріне деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Тазалық бір күндік науқанмен шектелмей, күнделікті өмір салтына айналуы қажет.

 

Көшені, ауланы, қоғамдық орындарды таза ұстау – ең алдымен өзімізге байланысты. Қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, айналаны ластамау және тазалық жұмыстарына белсенді қатысу арқылы қаламыздың көркеюіне үлес қоса аламыз.

 

Таза қала – тұрғындардың ортақ еңбегінің нәтижесі. Сондықтан «Таза Қазақстан» идеясын қолдап, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық.

 

Шынар Қапарова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT