Тазалық ортақ міндет


        «Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға және еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл акцияның басты мақсаты – көшелерді, саябақтарды, өзен-көлдердің жағалауларын тазарту ғана емес, адамдардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру. Тазалық – өркениетті қоғамның айқын белгісі. Егер әр адам өз ауласын, жұмыс орнын және демалатын жерін таза ұстаса, еліміздің экологиялық жағдайы едәуір жақсарады. Акцияға жастардың, еріктілердің және түрлі ұйымдардың белсенді қатысуы қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің артып келе жатқанын көрсетеді.
        «Таза Қазақстан» бір реттік сенбілікпен шектелмеуі керек. Тазалықты сақтау күнделікті өмір салтына айналғанда ғана бұл бастама өз нәтижесін береді. Әрбір азамат табиғатты қорғауды өзінен бастаса, болашақ ұрпаққа көрікті әрі таза Қазақстанды қалдыра аламыз.

Сандуғаш Бахтиярова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT