Тазалық ортақ міндет екенін ұмытпайық

Туған жердің көркеюі ең алдымен оның тазалығы мен абаттандырылуынан басталады. Таза көшелер, жинақы аулалар, қоқыстан арылған қоғамдық орындар – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай қалыптастырады.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар қоршаған ортаны қорғаумен қатар, тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Әр адам өз ауласын таза ұстап, көшеге қоқыс тастамай, тазалық жұмыстарына белсенді қатысса, елді мекеніміздің көркі де арта түседі.

Тазалықты сақтау – бір күндік жұмыс емес, күнделікті әдетке айналуы тиіс. Жылыойдың таза әрі көрікті болуы – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі еңбегіміз – ертеңгі ұрпаққа қалдырар таза ортаның негізі.

Нұрдәулет Қасымов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT