Тазалық – ортақ құндылық

Туған жердің таза болуы – әрбір тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі.

Көшенің, ауланың, саябақтың тазалығы тек тазалық қызметкерлеріне байланысты емес. Әр адам өзінен бастап, айналасын таза ұстауға дағдыланса, қоршаған ортаның көркі де арта түседі.

«Таза Қазақстан» бастамасы тұрғындарды табиғатты қорғауға, қоғамдық орындарды таза ұстауға және туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейді. Сенбіліктерге қатысу, қоқысты белгіленген орынға тастау, ағаштарды күтіп-баптау секілді қарапайым әрекеттердің өзі қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосады.

Тазалықты бір күндік шарамен шектеуге болмайды. Ол әр адамның күнделікті әдетіне айналуы керек. Өз ауласын таза ұстаған адам көшеге де жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан туған жердің тазалығы әрқайсымыздың ісімізден басталады.

 

А.Иманалиев

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT