Тазалық – адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қоғамда тазалықты сақтаудың маңызын түсіндіруге үлкен үлес қосып келеді. Қоршаған ортаны таза ұстау әр адамның күнделікті әдетіне айналуы керек. Қоқыс тастамау, жасыл желекті күту, табиғатқа зиян келтірмеу – қарапайым болғанымен, өте маңызды істер. Осындай әрекеттер арқылы біз өз қаламызды, ауылымызды және елімізді көркейте аламыз.
Тазалыққа бейжай қарамайтын қоғам ғана өркениетті қоғам бола алады. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, табиғатты бірге қорғайық.
Диана Дербіс



