Аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді. Көшелерді, саябақтарды және қоғамдық орындарды таза ұстау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әрбір тұрғын туған жердің тазалығына өз үлесін қосса, ауданымыздың көркі артып, өмір сүруге қолайлы орта қалыптасады. Тазалық – тек сенбілік емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.
Айсұлу Қанатқызы



