Қоқыстың көбеюі, қоршаған ортаның ластануы адам денсаулығына зиян тигізеді. Бұл экологиялық мәселелерді көбейтіп отырғаны жасырын емес.
Осындай кезде «Таза Қазақстан» сияқты акциялар халықты табиғатты қорғауға шақырады. Мен ойлаймын осындай акциялар әрбір азаматқа ой салып, туған жерге жанашырлығын көрсетеді.
Сол себептен әр адам кішкентай әрекеттен бастауы керек. Атап айтсақ қоқысты жерге тастамау, ағаш отырғызу, өз ауласын таза ұстау. Осындай қарапайым істер арқылы елімізді таза әрі әдемі ете аламыз.
Гүлмира Балжігітова
Жылыой аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы менеджер-кеңесшісі


