ТАЗАЛЫҚ – МӘДЕНИЕТТІҢ АЙНАСЫ

Кез келген мемлекеттің мәдениеті мен өркениет деңгейі оның тазалығынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміздің экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған маңызды бастама деп санаймын.

Кейде тазалық мәселесін тек коммуналдық қызметтердің жұмысы деп қабылдаймыз. Алайда қоғамдық орындардың тазалығы әр адамның азаматтық ұстанымына байланысты. Қоқысты бей-берекет тастамау, табиғатты ластамау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау – мәдениетті қоғамның басты белгілері. Бүгінде акция аясында көптеген елді мекендерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар қоршаған ортаны қорғау шараларына белсенді қатысып келеді. Мұның өзі халықтың экологиялық санасының артып келе жатқанын көрсетеді. Тазалыққа деген көзқарас тек бір күндік сенбілікпен шектелмеуі керек. Ол күнделікті әдетке айналғанда ғана нақты нәтиже болады. Әр адам өз үйінің ауласын ғана емес, қоғамдық орындарды да өз меншігіндей күтіп ұстаса, еліміз әлдеқайда көрікті әрі жайлы болар еді.

Жазира Баймұратова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT