Қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет.
Бұл бағыттағы тәрбие ең алдымен отбасынан басталады. Балаларға қоқысты кез келген жерге тастамауды, суды үнемдеуді, ағаштар мен өсімдіктерді күтіп ұстауды үйрету арқылы табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастырамыз.
«Таза Қазақстан» бастамасы әр азаматты туған жердің тазалығына үлес қосуға шақырады. Қала көшелері мен аулалардың таза болуы тек тазалық қызметкерлерінің еңбегіне емес, тұрғындардың да жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан тазалықты сақтау баршамыздың ортақ әдетімізге айналуы тиіс.
А.Сейітова




