«Таза Қазақстан» акция қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып қана қоймай, әр адамның туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырады.
Қала көшелері мен ауыл маңын тазалау, ағаш отырғызу, табиғатты қорғау сияқты жұмыстар қоғам үшін өте пайдалы. Осындай шаралар арқылы адамдар тазалықтың маңызын тереңірек түсініп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйренері сөзсіз.
Қазіргі таңда тазалық мәселесі баршаға ортақ. Сондықтан мұндай акцияларға тек мекеме қызметкерлері ғана емес, барлық тұрғын белсенді қатысуы қажет деп ойлаймын. Әсіресе жастардың үлесі ерекше маңызды.
Әр адам өз үйінің айналасын, өз көшесін таза ұстаса, еліміздің де көркі арта түседі. Табиғатты қорғау – тек бір күндік жұмыс емес, ол күнделікті өмір салтына айналуы керек. Сондықтан мен бұл акцияны өте пайдалы әрі болашақ үшін маңызды жоба деп есептеймін.
Злиха Макесқызы
№22 жалпы білім беретін орта мектептің директоры


