Тазалық қоғам мәдениетінің айнасы

«Таза Қазақстан» акциясы елдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған ғана емес, сонымен бірге қоғамның мәдени деңгейін көрсететін маңызды бастама. Себебі тазалық бар жерде жауапкершілік, тәртіп және бір-біріне деген құрмет қалыптасады.

Қазіргі уақытта қалалар мен ауылдардың көркеюі тек мемлекетке ғана емес, әр азаматтың жеке көзқарасына да байланысты. Көшеге тасталған әрбір қоқыс – ортақ ортаға деген немқұрайлықтың белгісі. Ал керісінше, айналаны таза ұстау – өз еліңе деген құрметтің көрінісі.

«Таза Қазақстан» акциясы адамдарды бір мақсатқа біріктіреді. Бір күндік сенбілік емес, күнделікті өмірде тазалықты сақтау дағдыға айналса, қоғамның да сапасы өзгереді. Балалар да сол үлгіні көріп өседі, табиғатты қорғауды қалыпты әрекет деп қабылдайды.

Жаннат Құбашева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT