Тазалық – елге деген құрмет

 «Таза Қазақстан» бастамасы – өте қажет әрі маңызды акциялардың бірі. Себебі тазалық – денсаулықтың, мәдениеттің және тәртіптің белгісі. Айналаның таза болуы адамдарға жақсы көңіл күй сыйлап, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастырады.

Менің ойымша, бұл акция халықты табиғатты аялауға, туған жерін құрметтеуге тәрбиелейді. Көшелерді, аулаларды, саябақтарды таза ұстау – әр азаматтың міндеті. Егер әркім өз ауласын таза ұстаса, бүкіл ел көркейе түседі.

Осындай игі шаралар жастарға үлгі болып, жауапкершілікке баулиды. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясын толық қолдаймын және оның жалғаса бергенін қалаймын.

           Асқар Шотыбайұлы
   «Атамекен» ҰКП облыстық директорлар кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT