Тазалық – ел мәдениетінің көрінісі        


Әр адамның туған жеріне деген құрметі тазалықтан басталатыны белгілі. Өзіміз тұратын жерді таза ұстау арқылы біз қоршаған ортаға ғана емес, өзімізге және келешек ұрпаққа да қамқорлық жасаймыз.
 Бүгінде елімізде қолға алынған "Тазақ Қазақстан" акциясы адамдардың бірігіп, аулаларды, көшелерді, саябақтарды тазалап, ағаштар отырғызып жатқанын көру көңілге қуаныш сыйлайды. Осындай жұмыстар адамдарды бірлікке шақырып, ортақ іске жауапкершілікпен қарауға үйретеді деп ойлаймын.
Меніңше, тазалықты бір күндік акция ретінде қабылдамай, оны күнделікті әдетке айналдыру маңызды. Қоқысты кез келген жерге тастамау, табиғатты ластамау, айналаны таза ұстау – әрқайсымыз жасай алатын қарапайым әрекеттер. Сондықтан мен бұл акцияны қолдаймын және әр азамат өзінен бастап, қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қосуы керек деп есептеймін.

                   Қуандық Өтебайұлы         
  Құлсары станциясы атқыштар тобы бастығының міндетін атқарушы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT