«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – еліміздің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Меніңше, бұл акцияның ерекшелігі – адамдарды тек қоршаған ортаны тазалауға емес, табиғатқа деген көзқарасын өзгертуге шақыруында.
Айналамыздың таза болуы адамның көңіл-күйіне де әсер етеді. Таза көше, көрікті аула, жасыл саябақ – кез келген елдің дамуы мен мәдениетінің көрсеткіші. Сондықтан туған жеріміздің тазалығына бейжай қарамауымыз қажет.
Кейде адамдар «Бір ғана қоқыстан не өзгереді?» деп ойлауы мүмкін. Бірақ осындай кішкентай әрекеттер көп адамның әдетіне айналған кезде үлкен нәтиже береді. Бір адам қоқысын арнайы жәшікке тастаса, екінші адам ағаш отырғызса, үшінші адам сенбілікке қатысса – мұның бәрі ел тазалығына қосылған үлес.
Ақтан Еділ, Жылыой ауданы тұрғыны




