Тазалық – ел мәдениетінің айқын көрінісі

«Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны абаттандырып, елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.

Алайда тазалықты тек сенбілік немесе белгілі бір аумақты жинаумен шектеуге болмайды. Бұл – адамның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс мәдениет.

 

Таза көше, жинақы аула, қоқыссыз қоғамдық орын – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырады. Әр азамат өзінен бастап, өзі тұратын аумаққа ұқыпты қараса, ортақ нәтижеге қол жеткізуге болады. Қоқысты белгіленген орынға тастау, табиғатқа зиян келтірмеу, қоғамдық орындарды бүлдірмеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен жауапкершіліктің белгісі.

 

С.Бақтығалиев

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT