Туған жердің таза болуы әр тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігіне байланысты.
Көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау, айналаны ластамау – қарапайым болғанымен, маңызды міндеттер. Тазалықты тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де сақтауымыз керек.
«Таза Қазақстан» бастамасы әр азаматты қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады. Таза көше мен көрікті қала қалыптастыру үшін үлкен істі күтудің қажеті жоқ. Әркім өз ауласынан бастаса, ортақ нәтижеге қол жеткіземіз.
Ж.Дарханов




