Тазалық – болашаққа қалдырар ең құнды мұра

«Таза Қазақстан» бастамасын елдің экологиялық мәдениетін қалыптастыратын маңызды қадам деп санаймын. Туған жердің тазалығы – тек коммуналдық қызметтің немесе мемлекеттік мекемелердің міндеті емес, ол – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Бүгінде қоршаған ортаны таза ұстау, жасыл желекті көбейту, табиғи байлықтарды ұқыпты пайдалану – уақыт талабы. Әр адам өз ауласын, көшесін, жұмыс орнын таза ұстап, табиғатқа жанашырлықпен қараса, еліміздің келбеті де өзгереді. Осындай қарапайым істердің өзі қоғамда үлкен өзгеріске бастайды.

Меніңше, «Таза Қазақстан» – бір реттік акция емес, ұрпақ санасына экологиялық жауапкершілікті сіңіретін ұзақ мерзімді бастама. Табиғатты аялау арқылы біз келешек ұрпаққа таза ауа, көрікті өлке және жайлы өмір сыйлаймыз. Сондықтан тазалыққа үлес қосу – туған елге деген құрметтің нақты көрінісі деп есептеймін.

        Жәнібек Раушанұлы

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT