Көпшілік тазалық акцияларын тек аумақты қоқыстан тазарту шарасы ретінде қабылдайды. Меніңше, оның негізгі мақсаты – тұрғындардың санасына тазалық мәдениетін қалыптастыру.
Егер адам өз үйінің, ауласының және көшесінің тазалығына бейжай қарамаса, арнайы акциялардың да қажеттілігі азаяр еді. “Таза Қазақстан” бастамасы адамдарға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын еске салып, қоғамда жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.
Таза орта – денсаулықтың, жайлы өмірдің және өскелең ұрпаққа қалдырар жақсы үлгінің кепілі.
Әсемгүл Болатқызы
№13 жалпы орта білім беретін мектептің педагог- психологі



