Тазалық басты байлық

Тазалыққа келгенде «біреу жасап береді» деген түсініктен арылатын уақыт келді.

Себебі ортақ кеңістікті таза сақтау – ең алдымен әр адамның мәдениеті. Өз ауласын таза ұстаған тұрғын қоғамдық орындарға да жауапкершілікпен қарайды. Ал осындай қарапайым әрекеттер көпшіліктің әдетіне айналғанда, оның нәтижесі бүкіл ауданнан көрінеді.

Әсіресе өскелең ұрпаққа тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор. Баланың қоршаған ортаға деген көзқарасы отбасынан, мектептен және күнделікті көрген ортасынан қалыптасады. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы экологиялық мәдениетті арттыруға да ықпал ететін маңызды бастама.

Марина Шалғынбаева

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT