«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған өте маңызды бастама деп есептеймін. Бұл акция тек сенбілік өткізіп, қоқыс жинаумен шектелмейді, сонымен қатар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Менің ойымша, әрбір азамат өз үйінің ауласын, көшесін және қоғамдық орындарды таза ұстауға атсалысуы керек. Өйткені тазалық – мәдениеттіліктің белгісі. Осындай акциялар арқылы жастар табиғатты аялауды үйреніп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, әр адамның санасында тазалық пен тәртіпке деген көзқарасты қалыптастыратын маңызды жоба деп санаймын.
Дана Баймағамбетова
Аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы



