Таза ортада өмір сүру – әр адамның қалауы. Алайда тазалық өздігінен қалыптаспайды, оған әр тұрғынның үлесі қажет.
“Таза Қазақстан” акциясы осы жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік беріп отыр. Көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау, табиғатқа жанашырлық таныту сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен өзгерістерге бастайды.
Сондықтан бұл бастама қоғам үшін өте маңызды деп ойлаймын.
Жазира Бердіқұлқызы
Аудандық музейдің әдіскер маманы



