Тазалық – ауладан емес, адамның ойынан басталады

«Таза Қазақстан» – меніңше, жай ғана сенбілік өткізіп, көшені тазалау емес.

Бұл – адамның туған жеріне деген көзқарасын өзгертетін үлкен мәдениет. Өйткені тазалықты бір күнде орнатуға болады, ал оны сақтайтын сананы қалыптастыруға уақыт керек.

 

Көшеде жатқан бір тал қағазды көріп, «мұны біреу жинайды» демей, өзің алып қоқыс жәшігіне тастау – нағыз жауапкершілік осыдан басталады. Өз ауламызды, көшені, қаламызды таза ұстау арқылы біз табиғатты ғана емес, өз ортамызды да құрметтейміз.

 

 Таза ел болу – тазалықты талап етуден емес, оны өзіңнен бастаудан. Сондықтан бұл бастама әр адамның күнделікті әдетіне айналса, біздің қаламыз да, еліміз де көркейе түсері сөзсіз.

 

                         Қуандық Өтебайұлы

   Құлсары станциясы атқыштар тобы бастығының міндетін атқарушы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT