Таза табиғат – жарқын болашақ кепілі

Табиғат – адамзаттың баға жетпес байлығы. Оның тазалығы мен көркемдігін сақтау әрбір азаматтың парызы. Осы мақсатта қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

Акция аясында көптеген өңірлерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар ретке келтірілуде. Мұндай шаралар адамдардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтіп қана қоймай, қоғамда экологиялық сананың қалыптасуына ықпал етеді.
       Таза табиғат – халық денсаулығының, елдің тұрақты дамуының негізі. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына белсенді қатысу – әр азаматтың азаматтық борышы. Табиғатты аялау арқылы біз келешек ұрпаққа таза әрі жайлы өмір сүру ортасын қалдырамыз.

Ізбасар Хонашев, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT