Халқымыз ежелден «Тазалық – саулық негізі» деп бекер айтпаған. Бүгінде осы ұстанымды жаңғыртып отырған «Таза Қазақстан» акциясы қоғам үшін өте қажет деп ойлаймын.
Бұл шара адамдарды тек қоқыс жинауға емес, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. Кейбір адамдар табиғатты қорғауды тек экологтардың жұмысы деп түсінеді. Алайда қоршаған ортаның тазалығы әр азаматтың әрекетіне байланысты.
Менің пікірімше, еліміздің көркеюі әр адамның қарапайым ісінен басталады. Егер біз көшеге қоқыс тастамай, ағаш отырғызып, табиғатты аялауды әдетке айналдырсақ, Қазақстанымыз одан әрі таза әрі әдемі елге айналады. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы – ел болашағы үшін жасалып жатқан маңызды әрі тәрбиелік мәні зор жоба.
Шолпан Сайфоллақызы, Жылыой ауданы тұрғыны


