Таза табиғат – ел байлығы

Тазалық – әр адамның өзінен басталуы тиіс қасиет деп есептеймін. Көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау, табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы халықты ортақ іске жұмылдырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады.

Осындай игі шаралар арқылы жастарға жақсы үлгі көрсетіліп, болашақ ұрпақтың экологиялық жауапкершілігі қалыптасады. Әрбір тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына бейжай қарамаса, еліміздің экологиялық ахуалы жақсарып, қалаларымыз бен ауылдарымыз көркейе түседі.

Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясын қолдау – табиғатқа деген жанашырлықтың және елге деген құрметтің айқын көрінісі деп санаймын.

  
Гүльаим Буранбаева

«БЖЗҚ» АҚ облыстық филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT