“Таза Қазақстан” акциясы – әрбір азаматтың санасын жаңғыртып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыратын маңызды бастама деп есептеймін. Тазалық тек сенбілікпен шектелмейді, ол – күнделікті өмір салтына айналуы тиіс мәдениет.
Жеке тұлға ретінде мен бұл акцияны өте құптаймын. Себебі таза қала – денсаулықтың, тәртіптің және мәдениеттің айнасы. Әр адам өз ауласынан, өз көшесінен бастаса, үлкен өзгеріске қол жеткізуге болады. Қоқысты кез келген жерге тастамай, табиғатты аялау – болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз.
Осындай шаралар қоғамда жауапкершілік сезімін қалыптастырып қана қоймай, бірлік пен ынтымақты да нығайтады. “Таза Қазақстан” – тек бір күндік науқан емес, ол – әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы керек деп ойлаймын.
Тоқсанбай Құлтумиев атындағы №1 балалар саз мектебінің ұстазы
Бұлбұл Рзаханқызы


