«Таза Қазақстан» акциясы – тек қоқыс жинау немесе аумақты тазалау ғана емес, бұл әр азаматтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Қоршаған ортаның тазалығы – елдің мәдениеті мен болашағының айнасы.
Бүгінгі таңда табиғатты қорғау, қалалар мен ауылдарды көркейту – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Себебі біз өмір сүріп отырған орта ертеңгі ұрпағымызға аманат. Ауладағы бір түйір қоқыстан бастап, үлкен өндіріс қалдықтарына дейін – бәрі экологияға әсер етеді. Сондықтан «Таза Қазақстан» секілді акциялар адамдарды бірлікке шақырып, табиғатқа деген жауапкершілікті арттырады.
Тазалық бар жерде тәртіп те, денсаулық та, рухани мәдениет те болады. Осындай игі істер арқылы біз еліміздің келбетін жақсартып қана қоймай, саналы қоғам қалыптастырамыз.
Қайрат Досжанов




