Таза орта – жарқын болашақ кепілі

Қоршаған ортаны таза ұстау – бүгінгі күннің ғана емес, келешектің де мәселесі.

Бүгін отырғызылған тал, тазартылған аула немесе жиналған бір қап қоқыс ертеңгі ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

 

«Таза Қазақстан» бастамасы арқылы ел көлемінде тазалыққа мән беріліп, тұрғындардың белсенділігі артып келеді. Бұл жұмыстың нәтижелі болуы әр адамның өзінен басталады. Табиғатты қорғау мен туған жерді таза ұстауды күнделікті әдетке айналдыруымыз қажет.

 

Мөлдір Сапарова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT