Қоршаған ортаның таза болуы адамның күнделікті өміріне тікелей әсер етеді.
«Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды бірлікке шақырып, елді мекендерді абаттандыруға мүмкіндік беріп отыр. Тазалықты сақтау әрқайсымыздан басталады. Өз ауламызға, көшеге және табиғатқа ұқыпты қарасақ, болашақ ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдырамыз.
Нұршат Сейітова




