«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл акция адамдарды туған жерін таза ұстауға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға үндейді.
Акция аясында сенбіліктер өткізіліп, ағаштар отырғызылып, қоғамдық орындар тазартылып келеді. Оның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдысын дамыту.
Осындай шараларға әр азамат белсенді қатысса, қалаларымыз бен ауылдарымыздың тазалығы артып, болашақ ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдырамыз деп сенемін. «Таза Қазақстан» – бір күндік акция емес, әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс игі іс.
Жансұлу Алпысбаева
Жастар ресурстық орталығының маманы



