Таза орта – дені сау қоғамның негізі

Қазіргі таңда қоршаған ортаның тазалығы маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Осы орайда «Таза Қазақстан» акциясының маңызы ерекше.

Себебі тазалық сақтау арқылы түрлі жұқпалы аурулардың алдын алып, халықтың өмір сапасын арттыруға болады. Көшелердің, саябақтардың және демалыс орындарының таза болуы тұрғындардың көңіл-күйіне де оң әсер етеді. Мұндай игі шаралар адамдарды ортақ іске жұмылдырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Әрбір азамат қоршаған ортаны таза ұстауды өзінің міндеті деп қабылдаса, еліміздің экологиялық жағдайы да жақсара түсер еді.

Ғалам Қапаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT