Таза орта — ортақ міндет

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы — қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, әр азаматтың туған жерге деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Тазалықты сақтау бір күндік акциямен шектелмеуі керек. Ол әр адамның күнделікті әдетіне айналғаны жөн.

       Көшені, ауланы, табиғи аумақтарды таза ұстау — өзіміз өмір сүріп отырған ортаны құрметтеудің белгісі. Сондықтан тазалыққа атсалысу арқылы әр азамат туған жерінің көркеюіне өз үлесін қоса алады.

 

Шолпан Сайфоллақызы, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT